10.07.2009, 15:40 2580

Мониторинг нәтижесі судьялардың кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін, ал кейбір жағдайда бірқатар аймақтағы судьялар толығымен кәсібилігі жағынан жарамсыз екенін көрсетті - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

Мониторинг нәтижесі судьялардың кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін, ал кейбір жағдайда бірқатар аймақтағы судьялар толығымен кәсібилігі жағынан жарамсыз екенін көрсетті - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

Астанна. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мониторинг нәтижесі судьялардың кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін, ал кейбір жағдайда бірқатар аймақтағы судьялар толығымен кәсібилігі жағынан жарамсыз екенін көрсетті. Бұл туралы бүгін 2009 жылдың бірінші жарты жылдығанда сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша өткен судьялардың кеңейтілген жиналысында Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, жергілікті соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы сапасына және судья кадрларына мониторинг жүргізілген. Мониторингтің алғашқы қорытындысы кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігін, ал кейбір жағдайда бірқатар аймақтағы судьялар толығымен кәсібилігі жағынан жарамсыз екенін көрсетті. Сот мониторингтің екінші кезеңінің объектісіне облыстық және оларға теңестірілген соттардың қызметтері алынады. Сондай-ақ, процессуалдық құжаттарды дайындаудың сапасы да кіреді. Осыған байланысты жиналыста облыстық соттардың төрағаларына мұндай мониторингті аудандық соттарда жүзеге асыру тапсырылды. Шара қолданатын жұмыстар жалғастырылады.

2009 жылдың бірінші жарты жылдығында тұтастай алғанда 24 судья лауазымдық қызметтерінен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны