26.01.2007, 14:36 3081

Москва прокуратурасы Москва мемлекеттік университетінің жатаханасында болған жарылыс дерегіне қатысты "жарылғыш заттардың заңсыз айналымы" және "бұзақылық" баптары бойынша іс қозғады

МОСКВА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Москва прокуратурасы Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің жатаханасының ғимаратында болған жарылыс дерегіне қатысты "жарылғыш заттардың заңсыз айналымы" және "бұзақылық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен. 
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін москва уақытымен 4 сағат 53 минутта ММУ жатаханасы ғимаратының "В" корпусының оңтүстік қанатындағы 15 және 16 қабаттар арасындағы баспалдақта жарылғыш зат жарылған болатын. Жарылыс салдарынан ауданы 3 шаршы метр қабырға құлап, 10-шы қабаттан 14-қабатқа дейінгі әйнектер сынған.
 
Ресейлік қызметтердің хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жатахана ғимаратынан 1200 жуық адам шығарылды. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны