11.06.2018, 14:56 5525

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 325,2 млрд теӊге қаржы бөлді

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 325,2 млрд теӊге көлемінде қаржы бөлді.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 325,2 млрд теӊге көлемінде қаржы бөлді.

"6 маусымдағы мәліметтерге сүйенсек, Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 325,2 млрд теӊге берілген. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеӊберінде халыққа медициналық көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттардыӊ жалпы сомасыныӊ 47 пайызына теӊ", - деді МСҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Ботагөз Жақселекова.

Естеріӊізге сала кетсек, ТМККК пакеті шеӊберінде халыққа тегін медициналық көмек көрсету бойынша емдеу ұйымдарымен бекітілген келісімшарттардыӊ жалпы сомасы 698,9 млрд теӊге болатын. Қор ТМККК және МИМС пакеттері шеӊберінде халыққа арнап медициналық қызметтерді сатып алатын бірыӊғай қаржылық оператор болып табылады.

"Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын мониторингтеудіӊ жаӊа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерініӊ операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті", - деді Ботагөз Жақселекова.

Бүгінгі таӊда Қор 1359 медицина ұйымымен қызмет көрсету туралы келісімшарт бекіткен. Оныӊ 599-ы - жеке меншік клиникалар.2017 жылмен салыстырғанда жеткізуші компаниялар саны 138-ге артып отыр. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 93 млрд теӊгені құрады.

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны