10.01.2018, 20:38 6438

Мұғалім мамандығыныӊ абыройын арттыру, беделін көтеруге күш салу туралы ұсыныс көӊілге қонады - колледж директоры

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжініӊ директоры Нұртас Ахат жаӊа жолдау "Қазақстан дамуын сапалық жетілдіруге бастайды",- деген пікірде

Көкшетау. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2018 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауы туралы ел жұртшылығы пікір білдіруде. Солардыӊ бірі,Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжініӊ директоры Нұртас Ахат жаӊа жолдау "Қазақстан дамуын сапалық жетілдіруге бастайды",- деген пікірде.

Төменде колледж директорыныӊ пікірін ұсынамыз:

"Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ 2018 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауы туралы мәлімдемесі жаӊа сапалық сипатқа ие болатыны айқындалып отыр. Еліміз өзініӊ басты мақсаты ретінде таӊдап алған 2050 даму стратегиясы, 100 нақты қадам, Рухани жаӊғыру, сандық Қазақстан сияқты ірі реформалық бағдарламалар аясында Елбасы 2018 жылға нақты 10 міндет анықтап берді.

Илем төртінші жаӊа өндірістік революция кеӊістігіне енді. Постиндустриялық ұланғайыр бастаманыӊ негізінде еліміз ендігі жерде осы тарихи мүмкіншілікті толығынан пайдалана білгені дұрыс. Қазақстанныӊ экономикасы индустриялық дамудыӊ алдыӊғы шебінде, әсіресе сандық технологиялар мен ірі бизнес жобаларды іске асыруда көрегендік көрсете білуі керек. Жеріміздіӊ ресурстық (соныӊ ішінде шикізат ресурсы) потенциалын, энергетикалық жүйе тиімділігін арттыру, өнеркәсіптегі жаӊа технологияларды пайдалану, ауыл шаруашылығын заманауи бағытта дамыту, транспорт логистикасын әлемдік деӊгейге көтеру, инфрақұрылымды жетілдіру сияқты 2,3,4 бағыттар бойынша тұжырымдамалық жаӊа бағдарламалар мен жобалардыӊ іске асырылатыны қуантады.

Елімізде тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық секторы әлі де болса ескі жүйелік кеӊістіктен құтыла алмай отырғаны белгілі. Осы салада ендігі жерде заманауи технологияныӊ қолданылуынан халық көп үміттенетіні анық.

Қаржы секторыныӊ соӊғы жылдары осымен бірнеше дүркін құлдырауға ұшырауы біздіӊ еліміздіӊ де белін бекем бууға мәжбүр етуде. Исіресе банк жүйесініӊ қарапайым адамдар үшін жұмыс жасауы қажеттілігі ескерілуі жақсы нышан.

10 міндеттегі смарт-сити технологиясын пайдалану еліміздегі шағын қалалардыӊ өркендеп дамуына жаӊашылдық әкеледі деп атап өткен дұрыс. Ірі державалық дамыған мемлекеттер бүгінде алып қалалардан гөрі шағын қалаларда өмір сүрудіӊ трендін жасай бастады. Бұған бүгінде жер бетіндегі табиғи ресурстардыӊ азая бастауы, ауаныӊ ластануы, экологияныӊ бұзылуы әсер етіп отыр.

Елбасыныӊ мәлімдемесіндегі адам капиталын дамытуды жаӊа сапаға көтеру туралы жетінші бағыты біздер үшін білім саласыныӊ адамдары, зиялы қауым өкілдері үшін үлкен жауапкершілік жүктейтінін анықтап беріп отыр. Мұғалім мамандығыныӊ абыройын арттыру, мұғалім беделін көтеруге күш салу туралы ұсыныс көӊілімізге қонып, жүрекке жылу таратты. Еліміздегі білім саласында еӊбек етіп жүрген он мыӊдаған ұстаздардыӊ шынтуайтына келгенде шешілмеген шаш етектен келетін мәселелері бары айдан анық. Міне, ендігі жерде қарапайым мұғалім-ұстаз тұлғасын асқақтатып, оныӊ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарып жатса, қазақ елініӊ биіктеп өркендеуініӊ бір белгісі болары айдан анық.

Шынтуайтында, Елбасыныӊ қысқа да нұсқа мәлімдемесінде тоқсан ауыз сөздіӊ тобықтай түйінін түйсініп түсініп, жүрекпен қабылдап, қолдап, іске асыруға кірісу бізге сын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны