03.06.2015, 11:18 3430

Мұғалімніӊ орындығына шеге қаққандар бәлеге қалды - БҚО

Зеленов ауданы Чувашка ауылында екі оқушы мұғалімді "күлкі қылу" үшін орындығына шеге қаққан. Соныӊ салдарынан мұғалім жеӊіл дене жарақатын алған әрі моральдық тұрғыда зардап шеккен

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Зеленов ауданы Чувашка ауылында екі оқушы мұғалімді "күлкі қылу" үшін орындығына шеге қаққан. Соныӊ салдарынан мұғалім жеӊіл дене жарақатын алған әрі моральдық тұрғыда зардап шеккен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық соттыӊ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен Т. деген жасөспірім ҚР ҚК 108-бабына сәйкес (қасақана жеӊіл дене жарақатын салу) айыпты деп танылды, бірақ жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК 68-бабы 1-бөлімі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал кәмелетке толмаған К. ҚР ҚК 108-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыс түріндегі жаза белгіленді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сот үкімі заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны