13.01.2018, 21:33 5076

Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматы облысын аралады

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматы облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге өӊірдегі бірқатар мәдени және өнеркәсіп нысандарын аралады.

Талдықорған. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматы облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге өӊірдегі бірқатар мәдени және өнеркәсіп нысандарын аралады. Сапар барысында Елбасыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты биылғы Жолдауында айтылған басымдықтардыжүзеге асырудыӊ маӊыздылығына ерекше тоқталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бірінші Қарасай ауданында өткен жылы ашылған мемориалды кешен мен тарихи-мәдени орталыққа арнайы тоқтады. "Батыр бабалар" мемориалды кешені "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында салынып, 2017 жылдыӊ қыркүйек айында пайдалануға берілді. Бір гектардан астам жерді алып жатқан кешен өзініӊ бірегей архитектуралық бейнесімен бірден көпшіліктіӊ қызығушылығын тудырды. Нақты айтқанда, нысан батырдыӊ дулығасы бейнесінде салынған. Кешенде қойылған экспозиция барлық дәуірді -сақ дәуірінен бастап тәуелсіз Қазақстанныӊ қалыптасуына дейінгі кезеӊдерді түгел қамтыған. Мұнда аты аӊызға айналған сақ ханшайымы Тұмардыӊ, ғұнпатшасы Еділдіӊ, Түрік қағанаты, Қазақ хандығыбилеушілерініӊ, билер мен батырлардыӊ, Алашорда көсемдерініӊ портреттік галереясы, олардыӊ мол мұралары жайлы жалпы алғанда 41 экспонат пен фотоматериалдар қойылған.

Өӊірдегі жаӊадан ашылған маӊызды нысандардыӊ тағы бірі - Елбасы, Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы. Елбасыныӊ туған ауылы Шамалғанда орналасқан бұл орталық Мемлекет басшысыныӊ өмір жолын кеӊінен насихаттау мақсатында ашылған. Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ еӊбекке алғаш араласқан сәтінен бастап саясаттағы ірі жеӊістері мен жетістіктерін қамтитын құнды дүниелер арқылы өскелеӊ ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету, жастарымызды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу көзделген.

Аталған бірегей кешендердегі жәдігерлермен танысқан "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары бұл нысандардыӊ ашылуы Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы мен "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауында айтылған басымдықтардыӊ нәтижесі екенін тілге тиек етті.

"Батыр бабалар" мемориалы мен "Атамекен" орталығында қазірдіӊ өзінде бірнеше айға жоспарланған экскурсиялық кесте жасалып қойылған. М. Құл-Мұхаммед осы күні кешенді тамашалауға келген Қырғауылды ауылындағы Ушинский атындағы мектептіӊ оқушыларыментілдесіп, оларға осы тарихи орыннанкөрген құнды жәдігерлер мен өнегелі мәліметтердікөӊілдеріне түюді, бұл болашақ өмірлеріне зор тағылым болатынын айтты.

Алматы облысы аграрлы аймақ болғандықтан Елбасыныӊ биылғы Жолдауыныӊ аграрлық саясатқа, еӊбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өнделген өнімніӊ экспортын ұлғайтуға бағытталған үшінші міндетіне осы сапарында М. Құл-Мұхаммед ерекше мән берді. Соған орай партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары кондитерлік өнімдер шығаратын "Алматыөнімдері" ЖШС кәсіпорнына арнайы барды. 200 адамды жұмыспенқамтып отырған бұл нысанда кондитерлік өнімдердіӊ 150-ден астам түрі өндіріледі. Кәсіпорынныӊ өндірістік қуаты жылына 13 мыӊ тонна дайын өнім шығаруға лайықталған. Еӊ басты ерекшелігі - қажетті шикізаттардыӊ жүз пайызға жуығыотандық өнімдер. М?селен, ұн Ақмола облысынан жеткізіледі.

Осы кәсіпорында шығарылған печенье, вафли, карамель, халва сынды тәттілерді өзімізбен қатар Орталық Азия елдерініӊ, Ресейдіӊ және Германия мен Беларусьтіӊ тұрғындары да тұтынады. "Бизнестіӊ жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы негізінде қолдауға ие болуы кәсіпорынныӊ тынысын кеӊейте түсуіне мүмкіндік берген.

Кәсіпорынға арнайы атбасын бұрған Мұхтар Құл-Мұхаммедөндіріс орныныӊ технологиялық үдерісімен және жаӊадан іске қосылатын желініӊ жұмысымен танысты.

Мұнан соӊ "Алматы-Шыны" ЖШС зауытына барып, банкі, құты сияқты шыны ыдыстарын өндіру процесін көзімен көрді. Зауыт директоры Азим Абдуллаевтыӊ айтуынша, мұндағы қондырғылардыӊ Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Кәсіпорында бес бірдей технологиялық машина желісі жұмыс істейді. Соныӊ нәтижесінде шыны ыдыстардыӊ кез келген түрін дайындауға мүмкіндік бар. Мұнда жылына1550 С* градус ыстықта құйылатын 120 миллионға дейін шыны құтылар мен банкілер шығарылады. Өнерк?сіп орны жылына 18 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндіріп отыр. Шикізат Қызылорда облысынан, Текелі қаласынан және шет елдерден әкелінсе, дайын өнімді тұтынушылар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей, Изірбайжан, Түркия, Тәжікстан сияқты таяу көрші мемлекеттерге де жөнелтіліп отыр.Кәсіпорын өз жұмысшыларына барлық қолайлы жағдайларды жасап қойған. Қызметтік тұрғын үймен қамтып, зауыт маӊында тұрмысқа қажетті дәріхана, асхана, сауда үйі сияқты әлеуметтік нысандардыӊ жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр.

Серіктестіктіӊ еӊбек ұжымымен кездескен Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасымыз өзініӊ жаӊа Жолдауында айтқан Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі өндіріс орындарынан соӊғы үлгідегі технологияларды кеӊінен енгізуді талап ететініне назар аударды. Бұл орайда "Алматы-Шыны" сияқты заманауи кәсіпорындар да Елбасы айтқан жаӊғыру мен цифрландыруды жүзеге асыруда аса белсенді болуы тиіс.

Сапар соӊында Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық, аудандық, қалалық филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарына Елбасы Жолдауындағы барлық міндеттіӊ жүзеге асырылуын қатаӊ бақылауға алуды және бұл маӊызды құжаттыӊ мәні мен мағынасын Алматы облысыныӊ әрбір тұрғынына түсіндіру жүмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

- Мемлекет басшысы өзініӊ кешегі Жолдауында он басым бағытты атап өтіп, алдымызға зор міндеттер жүктеді. Соныӊ ішінде аграрлық секторға, индустрияға цифрлы жаӊа технологияны енгізу, сол арқылы кәсіпкерлердіӊ тиімді еӊбек өнімділігіне қол жеткізуіне, өнделген ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндіктер жасау талабы тұр. Бұл орайда Алматы облысында жарқын мысал, жақсы бастамалар бар екенін көрдік. Бүгінгі күні тұтынушы еӊ алдымен өнімніӊ экологиялық тазалығы мен сапасына назар аударады. Бүгін біз барған зауыттар сондай талаптарға толығымен жауап береді. Еліміздіӊ идустриялық дамуында, әсіресе, өӊдеуші кәсіпорындардыӊ маӊызы зор. Елбасы айтқан экспортқа бағытталған өнеркәсіптерді дамыту, олардыӊ нәтижелі жұмысына жағдай жасау Алматы облысында жақсы жолға қойылған. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыра беру керек, - деді М. Құл-Мұхаммед қорытынды сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны