25.10.2016, 15:16 3827

Мұхтар Құл-Мұхаммед Оӊтүстік Қазақстан облысында "Нұрлы жол" аясында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты

Еӊ алдымен ол "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысыныӊ жұмысын аралап көрді. Шымкент қаласы "Асар" шағын ауданында орналасқан бұл тұрғын үй ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық меройтойы қарсаӊында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары аймақтағы мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардыӊ құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен Саяси ұйым басшылығы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысыныӊ жұмысын аралап көріп, мердігер мекеменіӊ басшысына құрылыстыӊ сапалылығына баса назар аудару қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы "Асар" шағын ауданында орналасқан бұл тұрғын үй ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық меройтойы қарсаӊында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған 30 пәтерлі көпқабатты үйдіӊ құрылысын "Southern building group" ЖШС-сі жүргізуде.

Сонымен қатар, ол аталған бағдарлама шеӊберінде салынып жатқан 1200 орындық мектептіӊ құрылысымен танысып, облыстағы мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Еӊ бастысы халық жұмыссыз қалмау қажеттігін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұрлы жол" бағдарламасына биыл Қазақстанда 770 млрд. теӊге бөлінгенін атап өтті.

Өӊірдегі "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ орындалуын баяндаған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалды облыста 2016 жылы құны 20 197,7 млн. теӊге болатын 50 нысанныӊ құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Оныӊ ішінде 10 нысан өткен жылдан өтпелі болса, 40 нысаны жаӊа құрылыс. Атап айтар болсақ, 26 мектеп, 1 балабақша, 1 жатақхана мен 11 инфрақұрылым және 11 тұрғын үй құрылыстар.

Айта кетейік, аталған нысандарда қолданылып жатқан құрылыс материалдардыӊ басым бөлігі отандық өнім.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысы мен "Достық" шағын ауданындағы 1200 орындық мектептіӊ құрылысын аралап көреді.

Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары сонымен қатар, көкөніс өндірумен айналысатын еліміздегі еӊ ірі жылыжай кешенініӊ жұмысымен және "Оӊтүстік" индустриалды аймағында орналасқан шыны бұйымдарын шығаратын "ЕвроКристалл" зауытына барады деп жоспарлануда.

Оӊтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында Саяси ұйым басшысы "Нұр Отан" партиясы Оӊтүстік Қазақстан облыстық филиалыныӊ кезектен тыс ХХІХ конференциясына қатысып, өӊірдегі жастармен кездесіп пікір алмасуы көзделуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны