27.10.2006, 14:51 3196

Мүлікті жариялы болдыру нәтижесінде республикалық бюджетке 278,6 млн. теңге аударылды

АСТАНА. 27-қазан. Kazakhstan Today. Азаматтардың мүлікті заңдастыру мақсатымен аударған алымдарының мөлшері 278,6 млн. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысының орынбасары Кәрім Мәсімовтың басқаруымен үкіметте өткен кеңесте ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Қанатов хабарлады.

"Бұл сомаға жергілікті әкімшіліктердің жанындағы комиссиялар арқылы өтетін мүлік үшін жиналатын алымдар қамтылады. Ағымдағы жылдың 24-қазанындағы жағдаймен салық мекемелеріне жалпы көлемі 1 млрд. 234,2 млн. теңгенің мүлкін заңдастыру жөнінде 7850 өтініш келіп түсті. Іс жүзінде 1 млрд. 172,4 млн. теңгенің 7447 өтініші заңдастырылды",- деді ол.

С.Қанатовтың айтуынша, 681,7 млн. теңгесі - заңдастырылған ақша, 297,1 млн. теңгесі - заңдастырылған ауылшаруашылығы техникасының құны, 105,4 млн. теңгесі - тиісті адамның атына рәсімделмеген мүліктің үлесінде.

Ай өткен сайын өтініштердің саны артып келеді, деді С.Қанатов. Мәселен, тамызда 810 өтініш бойынша 244,2 млн. теңгенің, ал қыркүйекте 3248 өтініш бойынша 512,2 млн. теңгенің, қазанның 24 күнінде 3389 өтініш бойынша 425,9 млн. теңгенің мүлкі заңдастырылды. Өтініштердің саны бойынша Шығыс Қазақстан (2360 өтініш), Ақмола (1070), Солтүстік Қазақстан (941), Қостанай (731) облыстары алда келеді. Ал Маңғыстау облысы, Алматы және Астана қалаларында ең төменгі белсенділік тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны