19.01.2019, 21:24 5070

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

Онлайн қолдау қызметі құрылғалы бері барлық аймақтан 2,4 мыӊ өтініш келіп түскен. Қоӊыраулардыӊ дені Алматы, Атырау және Түркістан облыстарына тиесілі.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" әлеуметтік сала бойынша кеӊес беретін 1411 тегін нөміріне қоӊырау шалу арқылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегін брондай алады.

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеӊес беретін онлайн қолдау қызметін құру жөніндегі әріптестік келісім ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетініӊ арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметі құрылғалы бері барлық аймақтан 2,4 мыӊ өтініш келіп түскен. Қоӊыраулардыӊ дені Алматы, Атырау және Түркістан облыстарына тиесілі.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгілеп, кезекке тұрады. Медицина университетініӊ мамандарымен байланыс "Skype" бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшін белгіленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоӊырау шалу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ ата-аналарына психологиялық көмекті медицина университетініӊ психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларыныӊ кәсіби мамандары береді.

Психологтардыӊ қызметіне жүгіну - балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таӊдау бойынша ақылы мамандардыӊ қызметін төлей алмайтын және кәсіби мамандардыӊ қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдімекендерде тұратын ата-аналар үшін жақсы мүмкіндік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны