24.02.2015, 17:58 4122

Мұнай бағасы тағы да түседі

Дүние жүзі назар аударып отырған "қара алтынныӊ" бағасы тағы да түсетіні мәлім болды. Еуразиялық интеграция институты мамандарыныӊ болжауынша, мамыр айына қарай әлемдік мұнай бағасы 40 долларға түсіп кетуі ғажап емес

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Дүние жүзі назар аударып отырған "қара алтынныӊ" бағасы тағы да түсетіні мәлім болды. Еуразиялық интеграция институты мамандарыныӊ болжауынша, мамыр айына қарай әлемдік мұнай бағасы 40 долларға түсіп кетуі ғажап емес, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Арнайы мамандардыӊ айтуынша, АҚШ-тағы мұнай қоры қазір 14,3 миллион баррельге жеткен. Мұндай жоғары көрсеткіш Америкада соӊғы рет осыдан 33 жыл бұрын болған екен. Ал АҚШ-тыӊ күндік қара алтын өндірісі 9 миллион баррельден асады. "Бұл жағдай түптіӊ-түбі әлемдік мұнай бағасына әсер етпей қоймасы анық", - дейді сарапшылар, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны