31.03.2015, 18:30 7062

Мұрат Оспановқа миллиард теӊгеден астам айыппұлды төлеуге жарты жыл берілді

"26 наурызда судья Ұбайдолла Қошанов Мұрат Оспановтыӊ қорғаушылары жазған айыппұл төлеу мерзімін алты айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы жария болғаннан кейін 15 күнде күшіне енеді"

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ экс-төрағасы Мұрат Оспановтыӊ миллиардтан астам айыппұлын төлеу мерзімі алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"26 наурызда судья Ұбайдолла Қошанов Мұрат Оспановтыӊ қорғаушылары жазған айыппұл төлеу мерзімін алты айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы жария болғаннан кейін 15 күнде күшіне енеді", - деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ экс-төрағасы Мұрат Оспановқа миллиардтан аса айыппұлды төлету туралы үкім 3 наурызда заӊды күшіне енді. Биыл 13 ақпанда Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ экс-төрағасы пара алды деп айыпталып, оған 1 миллиард 101 миллион 60 мыӊ теӊге сомасында айыппұл түрінде жаза белгіленді. Заӊнамаға сәйкес, айыпталушыныӊ сот үкіміне қарсы шығуына болды. Алайда, соттағылардыӊ айтуынша, Оспанов мұндай құқықты пайдаланған жоқ.

Сот бекіткен айыппұлды Оспанов бір айдыӊ ішінде төлеуі тиіс еді, яғни 3 сәуірге дейін. Республиканыӊ 2015 жылы 1 қаӊтарда күшіне енген жаӊа Қылмыстық кодексіне сәйкес, жасаған қылмысы үшін салынған айыппұлды төлеуден жалтару бас бостандығымен айыру жазасына ауыстырылады.

Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов өмірініӊ соӊына дейін мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған болатын. Оған тиесілі мүліктіӊ барлығы тәркіленеді. Оныӊ ісін қараған судья Ербол Рахымбеков Қазақстан Президентіне Мұрат Оспановты "Құрмет" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс келтіру қажеттігін де атап өткен болатын.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов "Атырау Жарық" АҚ үшін электр қуатын беру мен тарату тарифін бекітуде делдал арқылы бопсалау жолымен аса ірі көлемде пара алған деп айыпталды. Пара бергені үшін сотта "Атырау Жарық" АҚ мүддесіне қызмет еткен кәсіпкер Арман Ақтай жауап берді, ол шенеунікке пара беруге мәжбүр болғанын айтты. Соттыӊ шешімімен Ақтай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны