07.09.2007, 17:17 3091

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан биыл 13-қыркүйекте басталады

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан биыл 13-қыркүйекте басталады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7-қыркүйек. АЛМАТЫ. Мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан биыл 13-қыркүйекте басталады. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Ибсаттар қажы Дербісәлі құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Санаулы күннен кейін дүниежүзі мұсылмандарыең ұлық мереке - Рамазанды қарсы алады. Биыл бұл мереке 13-қыркүйекте басталады",- деді бас мүфти.

Оның айтуынша, Ресей, Түркия, Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаның, сондай-ақ, "Ислам шурасы" атты ұйымға біріккен бірнеше араб мемлекеттері Рамазанды 13-қыркүйекте бастайды. "Ир ел мұсылмандарының діни басқармасы бұл айдың қашан басталатынын өздері біліп шешеді",- деді ол.

"Биылғы рамазан 29 күнге созылады",- деді Ибсаттар қажы Дербісәлі.

Қасиетті Құранда: "Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай" деп оның маңызының ерекше екенін атап көрсеткен. Рамазан айында ораза ұстау мұсылмандар үшін парыз.

"Рамазан айы жәннаттың есіктері айқара ашылған, жаҺаннамның есіктері тарс жабылған, азғын шайтандар шынжырмен кісенделген мүбәрак ай", деп паш етілген. Бұл айда әрбір мүмін қасиетті Құран Кәрімді көбірек оқып, мағынасын зерделей түскені абзал. Өзара сұхбаттар, тауарих уағыздары, күндізгі тиләуаттар мұсылмандар қауымын біріктіріп, жаңа рухани жетістіктерге бастайды.

Рамазан айында мүмкіндігі бар мұсылмандар жарлы-жақыбайларға, мүгедектер мен жетім-жесірлерге қарайласып, көмек берудің қайырымдылық пен бауырмалдықтың үздік үлгісін көрсетеді.

Қазанның 8-інен 9-ына қараған түні Қадір түні. 12-қазан (дүйсенбі) күні Ораза мейрамы басталады. Айт намазы бұл күні сағат 7. 30-да оқылады.

Сонымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Рамазан айы қарсаңында оның "Ибсаттар қажы Дербісәлі" атты кітабы жарық көргенін хабарлады. Онда 2000-2006 жылдар аралығында тындырылған жұмыстар жайлы баяндалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны