05.08.2008, 10:09 1795

Мұздықтардың еруі Нурек су электр станциясының су қоймасын толтыруы мүмкін - "Барки Точик" энергохолдингі

Мұздықтардың еруі Нурек су электр станциясының су қоймасын толтыруы мүмкін - "Барки Точик" энергохолдингі

Душанбе. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Барки Точик" энергетикалық холдинг қызметкерлері тек мұздықтардың еруі ғана Нурек су электр станциясының су қоймасын толтыруы мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Барки Точик" энергетикалық холдинг қызметкерлері тікұшақпен Тәжікстан тауларының үстінен ұшып, жағдайға талдау жасаған. Нәтижесінде тауда қар қалмағаны белгілі болды, деп хабарлады журналистерге энергохолдинг төрағасының орынбасары Угулой Ходжаева.

"Біздің ендігі бар үмітіміз ауа температурасының 45 градустан әріқарай жоғарылауы болып отыр. Ол мұздықтарды ерітіп, Нурек су қоймасын жылу маусымының басына дейін толтырады", - деп атап көрсетті ол. "Барки Точик" мәліметтеріне сүйенсек, елдегі ең ірі Нурек су электр станциясының суқоймасы былтыр 17 қыркүйекте толған. Ал қазіргі күні қажетті деңгейге дейін 20 метр жетпей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны