05.06.2015, 14:08 4258

"МУЗ-ТВ 2015" салтанатты кешінде арнайы қонақ Гленн Моррисон өнер көрсетеді

Бүгін Астанадағы ОКҚ-де МУЗ-ТВ 2015 салтанатты кешіне келген әншілер мен жүргізушілердіӊ қатысуымен арнайы брифинг өтті

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы ОКҚ-де МУЗ-ТВ 2015 салтанатты кешіне келген әншілер мен жүргізушілердіӊ қатысуымен арнайы брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана Аренаға" салтанатты кешті тамашалауға 35 мыӊ адам келеді, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Арман Дәулетияров кешке қатысу үшін барлық қонақтардыӊ келгенін, дайындық 100 пайыз жоғары деӊгейде өткенін айтты. "Біз концертке дайынбыз. Сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Астана әкімшілігіне және ЭКСПО-2017 тарапына алғыс білдіремін", - деді Арман Дәулетияров.

Сондай-ақ МУЗ-ТВ 2015 сыйлығына арнайы қонақ ретінде күтілген әнші Имани келмейтін болды. Ол өз сәлемін бейнежолдау арқылы жіберіп, денсаулығына байланысты келе алмайтынын жеткізді.

Ал кештіӊ алдындағы тосын сый әйгілі әнші, продюсер және диджей Гленн Моррисонныӊ Астанаға келуі болды. Ол кешті өткізу үшін "Астана Арена" өте жақсы орын екенін айтып, қобалжып тұрғанын жасырмады. Және бүгінгі кештіӊ лайықты өтуіне бар күшін салатынын жеткізді.

Сондай-ақ кеш жүргізушілері Андрей Малахов пен Максим Галкин де Астанаға әркез қуанышпен келетінін және қазақ халқыныӊ қонақжайлылығын атап өтті.

"Бізді таӊғы 05.30-да әуежайдан ән-күймен, шашумен күтіп алды. Тіпті ұшақ та бізді 2 сағат ішінде Мәскеуден Астанаға тез жеткізді", деді А.Малахов.

Сондай-ақ брифингте кешке өткелі отырған МУЗ-ТВ 2015 сыйлығыныӊ бюджеті аса ауқымды емес екені және барлық жұмсалған қаржы тек демеушілердіӊ қолдауымен жүзеге асқаны хабарланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны