07.04.2016, 12:37 4627

МЖИ аясында Астанада үш көпқабатты паркинг салу жоспарлануда

"Астанада екі 6 қабатты және 3 қабатты паркингті мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында 2018 жылға дейін салу жоспарланған.Концессиялы жобалардыӊ таныстырылымы бүгін қала әкімдігінде өтті", - деді А.Бикеева

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада екі 6 қабатты және 3 қабатты паркингті мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында салу жоспарланған. Бұл туралы "Astana Innovations" АҚ МЖИ даму басқармасыныӊ басшысы Илия Бикеева, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астанада екі 6 қабатты және 3 қабатты паркингті мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында 2018 жылға дейін салу жоспарланған.Концессиялы жобалардыӊ таныстырылымы бүгін қала әкімдігінде өтті", - деді А.Бикеева, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Сарапшыныӊ айтуынша, алты қабатты жер үсті паркингі Қабанбай батыр 32/1 орналасады, 568 көлік сиятын нысан 2 200 млн теӊгені қажет етеді.

"Екінші алтықабатты жерүсті паркингі Достық ауданында 1317 млн теӊгеге салынбақ, сыйымдылығы 300 көлік. Үшқабатты паркинг Орынбор 8 көшесінде, 1930 млн теӊге 472 көлікті сыйдыра алады", - деді ол.

Жалға беру құны 100 теӊге сағатына, ал 600 теӊге бір түнге беріледі.

"Концессия тәртібі 30 жыл, құрылыс 14 айды қажет етеді, пайдалануға беру 28 жыл", - деді А.Бикеев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны