12.09.2017, 14:07 3913

Н.Нығматулин: қазақ тілін жаӊғыртудыӊ басты көрсеткіші - латын жазуына көшу

Мәжілісте "Мемлекеттік тілдіӊ латын графикасындағы әліпбиініӊ бірыӊғай стандартын енгізу мәселелері туралы" парламенттік тыӊдау өтті.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Дүйсенбі, 11 қыркүйекте, Мәжілісте "Мемлекеттік тілдіӊ латын графикасындағы әліпбиініӊ бірыӊғай стандартын енгізу мәселелері туралы" парламенттік тыӊдау өтті.

Мемлекеттік тілді жаӊғырту қажеттілігін, оныӊ ішінде латын графикасына өту туралы Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаев "Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауында атап өткен болатын.

Парламенттік тыӊдауда Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин: "Біздіӊ ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз, осыныӊ барлығы, қазақ тілініӊ жаӊа әліпбиін жасаудан басталады. Себебі, Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев айтқандай,қазақ тілі - ол біздіӊ рухани негізіміз. Осы жолда тілдіӊ халықаралық мәртебесін көтеру, біздіӊ әлемдік өркениетке жетуіміздіӊ басты кепілі. Сонымен бірге, жаӊа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маӊызды фактор" - деді.

Осы ретте Палата спикері тіл және жаӊа әліпби мәселесінде қателікке жол беруге болмайтынына, қазақ тілін жаӊғыртудыӊ басты көрсеткіші латын жазуына көшу екендігіне және әлем қазақтарын біріктіретін маӊызды факторекенінетоқталды.

Отырыс барысында халық қалаулылары мен белгілі саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар мен тіл мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері жаӊа әліпбидіӊ жобасын әзірлеген мамандардыӊ еӊбектерімен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны