23.10.2018, 16:25 4060

Н. Нығматулин Жапонияныӊ бұрынғы премьер-министрі Я. Фукудамен кездесті

Өз кезегінде Ясуо Фукуда мырза Қазақстандағы жастар саясатын ерекше қолдайтынын, олар ел дамуыныӊ іргетасы бола алатынын айтты.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - 19 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада өтіп жатқан "Инвестиция - Жастарға!" халықаралық конференциясы аясында Халықтыӊ қоныстануы және дамуы бойынша Азиялық қауымдастығыныӊ төрағасы, Жапонияныӊ бұрынғы премьер - министрі Ясуо Фукудабастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Н. Нығматулин мәртебелі мейманға маӊызды жиынға қатысып, мазмұнды баяндама жасағаны үшін алғысын жеткізді. Және осы конференцияда айтылған пікірлер, әзірленген ұсынымдар қатысушы елдердіӊ алдағы бірлескен жұмысына серпін беретініне сенім білдірді.

Палата Спикері атап өткендей, Қазақстан Парламенті Халықтыӊ қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы жұмысына белсене қатысады. "Инвестиция -Жастарға" конференциясы осы бірлескен жұмыстыӊ нәтижесі.

Иӊгіме барысында жастар мәселесіне айрықша назар аударылды.

Н. Нығматулинніӊ сөзінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір Жолдауында, әрбір маӊызды бастамаларда еӊ алдымен, жастар мәселесіне басымдық береді. Бұл мемлекеттік саясаттыӊ маӊызды бөлігі.

Өз кезегінде Ясуо Фукуда мырза Қазақстандағы жастар саясатын ерекше қолдайтынын, олар ел дамуыныӊ іргетасы бола алатынын айтты. Және біздіӊ елімізде жастарды жан-жақты қолдаудыӊ мүмкіндігі зор екенін алға тартып, осы салада ынтымақтастықты дамытуға деген ынта-ықыласын білдірді. Одан әрі тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соныӊ ішінде, парламентаралық байланысты нығайту жайын сөз етті. Айта кетсек, биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде Астана мен Токио бір-біріне тығыз қолдау көрсете отырып, сенімді әріптестер болып келеді.

Мәжіліс Төрағасыныӊ айтуынша, ядролық қарусыздану және таратпау, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану басқа да халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздіӊ елдеріміздіӊ ұстанымы өте жақын.

Осы ретте Я. ФукудаҚазақстан Президентініӊ халықаралық бастамаларын ерекше бағалайтынын және біздіӊ еліміздіӊ жоғары даму деӊгейіне жетуінде Мемлекет Басшысыныӊ рөлі зор екеніне тоқталды.

Кездесу иелері барлық салада ықпалдастықты күшейту жолдарын талқылай келіп, ортақ мақсат жолында бірлесе атқарған жұмыстар біздіӊ елдеріміздіӊ өзара тиімді және көпқырлы әріптестігін тереӊдететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, осы конференция аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші төрағасыныӊ орынбасары Мирлан Бакиров, сонымен бірге, Өзбекстан Олий Мажлисі Заӊ шығарушы палатасы төрағасыныӊ орынбасары Борий Алиханов бастаған делегация өкілдерін қабылдап, елдер арасындағы қарым-қатынасты дамытудыӊ өзекті сұрақтарын ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны