10.02.2020, 18:38 8419

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Халқы ассамблеясы "Жақыныңмен бірге бол!" атты қайырымдылық акциясына шақырады

Жамбыл облысының Қордай ауданы тұрғындарын қолдау және оларға гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен елордадағы Достық үйінен азық-түлік (ұн, қант, макарон және т.б.), киім, сондай-ақ басты қажетті заттарды жинақтау пункті ашылды.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Халқы ассамблеясы игілікті істен қалыс қалмайтын елордалық тұрғындарды Қазақстан Халқы ассамблеясының "Жақыныңмен бірге бол!" атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Жамбыл облысының Қордай ауданы тұрғындарын қолдау және оларға гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен елордадағы Достық үйінен азық-түлік (ұн, қант, макарон және т.б.), киім, сондай-ақ басты қажетті заттарды жинақтау пункті ашылды. Бұл қажетті заттар жинақталған бойда, Қордай ауданының елді мекендеріне жөнелтіледі. Біздің отандастарымызды түсініп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз, деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Халқы ассамблеясы.

Қабылдау пунктінің мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Б. Момышұлы даңғылы, 24/9

Акция күні: 2020 жылғы 10 ақпан мен 13 ақпан аралығы.

Жұмыс уақыты: 9.00-18.00

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны