06.02.2020, 17:20 7344

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді

Жиын қорытындысында ұсыныстар мен пікірлерге маңыз беріліп, алда бірлесіп атқаратын істер нақтыланды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Бүгін, елордамыздағы Достық үйінде "Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттістігі" атты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің өкілдері, "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қызметкерлері және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жиында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Сейітқазықызы Құсайынова күн тәртібіндегі мәселенің маңызын ашып көрсетіп, атқарылған жұмыстарға тоқталды. "Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Ассамблеяның, соның ішінде қоғамдық келісім кеңестерінің басымдықтары айқындалды. Қазіргі уақытта қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ақсақалдар алқасының қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстарын жалғастыру өзекті болып отыр. Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы-қоғамның рухани және интеллектуалды жаңаруы, қоғамдық сананы жаңғырту үдерістерінің белсенді қатысушысы ретінде саналады. 2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 72 мыңнан астам адамның қатысуымен 120-ден аса іс-шара өткізді. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қайырымдылық керуені" жобасы аясында 150-ге жуық шара өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 2500-ден астам материалдар жарық көрді. Соның ішінде республикалық және елордалық газеттерде, қалалық сайттарда, республикалық интернет-ресурстарда, телеарналарда, радиода, ютуб-арналарда материалдар жарияланды. Ал 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі 15 іс-шара ұйымдастырды. Ол бойынша қатысушылар саны-550.Тұрғындардың шешілген мәселелері мен проблемаларының саны - 10. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына ұсынымдар беру ісі-5. Сонымен бірге, 2019 жылы тоқсан сайын Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс отырыстары өткізілді. Олардың қатарында конференциялар, сессия, кездесулер мен мәжілістер бар",-деді жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л. Құсайынова.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Әлпейісов "Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылы" атты тақырыпқа баяндама жасады. "Қоғам өмірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің атқаратын рөлі өте зор. Кеңес жұмысы негізінде жалпы мемлекеттік органдардың әрі қоғамдық институттардың, аймақтардың жұмыстарын бағалауға болады. Бастысы, кеңестің қамтитын жұмысының бағыты сан қырлы. Олардың қатарында жұмыссыздықты реттеу, ардагерлермен жұмыс, сондай-ақ кәсіподақтар мен саяси ұйымдарға қатысты мәселемен бірге және де басқа мәселелер бар. Бұл ретте біз тұрғындармен етене араласып, олардың проблемаларын шешуге атсалысамыз. Соның бір айқын дәлелі ретінде Көктал шағын ауданындағы тұрғындар мәселесін депутаттар назарына ұсынып, оны іс жүзінде тиянақты дәрежеде шеше білдік", - деді ол.

Жиында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңестің хатшысы Мұхтар Еркетаев бюджеттік бағдарлама жөнінде, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың сұрақтарын үйлестіру бөлімінің басшысы Қуандық Ержанов "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын, "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев партияның қоғамдық бақылауы қызметі туралы, "Қырғызстан-Астана" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі жөнінде айтып берді.

Жиында көзделген ең негізгі іс-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесі мен Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жиын қорытындысында ұсыныстар мен пікірлерге маңыз беріліп, алда бірлесіп атқаратын істер нақтыланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны