04.02.2020, 19:48 4502

Нұр-Сұлтан қаласы Достық үйінде "Аулак өй" мерекесі тойланды

"Аулак өй" татар халық ойындарын дәріптеу, ұлттық фольклорды сақтау және байырғы халық дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында өткізілетін мереке.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен "ТАҢ" татар-башқұрт этномәдени орталығы дәстүрлі "Аулак өй" қысқы кездесуін өткізді.

Іс-шараға елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік бағдарламаны "ТАҢ" татар-башқұрт этномәдени орталығының Төрағасы Сергей Садыков құттықтау сөзбен ашып, аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқтала кетті. "Аулак өй" татар халық ойындарын дәріптеу, ұлттық фольклорды сақтау және байырғы халық дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында өткізілетін мереке. Қазақ тіліне аударғанда "Отырыс өткізілетін үй" деген мағынаны білдіреді. Үй үлкендері қонаққа кеткен кезде, жастар өзара жиналатын: қыздар қолөнер жұмыстарымен айналысса, жігіттер "лапти" тоқып, ағаштан түрлі заттарды қиятын болған. Содан кейін ойындар, әзілдер, әндер мен билер басталатын", - деп айта кетті С.Садыков.

Іс-шара көңілді концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Көрермендер дәстүрлі татар әндерімен және би композицияларымен танысты. Ұлттық ойындар ойнатылып, қатысцшыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, концерт залының бір бұрышында татар халқының ұлттық бас киімдері көрмесі ұйымдастырылды. ереке соңында барлық тілек білдірушілерді үстелге шақырып, оларға мерекелік тәттілер ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны