11.06.2019, 20:23 8431

Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстан халқы" интерактивті ғылыми тарихи картасының" таныстырылымы өткізілді

Картаны ғаламтор желісінен әрдайым жаңа ақпаратпен толықтырылып тұратын www.map.assembly.kz сайты арқылы еркін көруге болады. Сонымен қатар өткен жылы Институттың "Жас ғалымдар кеңесі" http://edu.e-history.kz электронды ғылыми журналын іске қосты.

Нұр-Сұлтан. 11 маусым. Kazakhstan Today - 10 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елорда Ассамблеясының қолдауымен, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының іске асырылуы контекстінде "Қазақстан халқы" интерактивті ғылыми тарихи картасының" таныстырылымын өткізді.

Тұсаукесерде Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында География институтымен және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп дайындалған Интерактивті ғылыми тарихи карта таныстырылады. Карта Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасы бойынша дайындалды. Картаның мақсаты - қазақ ұлтының ерекше мемлекетті ұйыстырушы миссиясымен ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың ұйысу үдерісін толық дәл көрсету. Ғылыми карта үш тілде орындалған және ежелден бүгінгі күнге дейін Қазақстанның полиэтностық халқының қалыптасуы туралы ауқымды материалдан тұрады, қазақ халқымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 50 аса этностық топ өкілдері туралы, архив және статистикалық мәліметтер негізіндегі астана тарихы туралы құнды ақпарат береді.

Картаны ғаламтор желісінен әрдайым жаңа ақпаратпен толықтырылып тұратын www.map.assembly.kz сайты арқылы еркін көруге болады. Сонымен қатар өткен жылы Институттың "Жас ғалымдар кеңесі" http://edu.e-history.kz электронды ғылыми журналын іске қосты. Электронды ғылыми журнал түрлі елдердің тарих мәселелерімен айналысатын жас мамандары мен ғылыми қызметшілерге арналған.

Картаның таныстырылымы барысында елорда Ассамблеясы мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға ниет білдірді. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан алғыс білдірген ғылыми хатшы, PhD докторы М.Қозыбаева Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ директоры Н.Айдашевке үш тілде жазылған "Қазақстан тарихы" кітаптарын сыйға тартты.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері мен жастар қанаты қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны