01.11.2019, 08:33 11219

Нұр-Сұлтан қаласында "Ұлылыққа тағзым" тарихи-танымдық іс-шарасы өтті

Іс-шараның мақсаты: Ұлт мұраты жолында өлшеусіз еңбек еткен Алаш ардақтылары hәм тарихи ірі тұлғалардың есімін, еңбегін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақты ұлтын, тілін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту. Ұлылардың қайраткерлігін, мұраларын көпшілік қауымға насихаттау. Елорда жастарының білімін шыңдау әрі рухани қуатын арттыру.

Нұр-Сұлтан. 1 қараша. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Алаш қайраткерлері, ұлт ағартушылары Сұлтанбек Қожанұлы, Хайретдин Болғанбай, Асылбек Сейіт, Телжан Шонанұлының 125 жылдығына арналған "Ұлылыққа тағзым" тарихи-танымдық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Ұлт мұраты жолында өлшеусіз еңбек еткен Алаш ардақтылары hәм тарихи ірі тұлғалардың есімін, еңбегін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақты ұлтын, тілін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту. Ұлылардың қайраткерлігін, мұраларын көпшілік қауымға насихаттау. Елорда жастарының білімін шыңдау әрі рухани қуатын арттыру.

Тарихи-танымдық іс-шара барысында Алаштың аяулы азаматтары туралы бейнесюжеттер көрсетілді, ұлт тұлғаларын, тарихи жолын зерттеуші ғалымдар ой-пікірлерін ортаға салды, театрландырылған бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, қайраткерлердің ұрпақтары, туысқандары аталған шараға арнайы шақырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны