10.07.2019, 19:26 10513

Нұр-Сұлтан қаласында полиция қызметкерлері кеңседен сейф ұрлады деген күдікпен екі азаматты ұстады

Сейфте 500 мың теңге ақшасын және компанияның құнды мүліктерін, атап айтқанда қымбат ұялы телефондарын жалпы сомасы 40-тан астам телефон бөлшектері мен компоненттерін 11 млн. теңгеге зиян келтірді.

Нұр-Сұлтан. 10 шілде. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында полиция қызметкерлері кеңседен сейф ұрлады деген күдікпен екі азаматты ұстады.

Қаладағы бір фирманың жетекшісі полицияға арызданды. Кәсіпкердің хабарлауынша, түнде офиске белгісіз адамдар келіп екі сейфті көтеріп алып кеткен. Сейфте 500 мың теңге ақшасын және компанияның құнды мүліктерін, атап айтқанда қымбат ұялы телефондарын жалпы сомасы 40-тан астам телефон бөлшектері мен компоненттерін 11 млн. теңгеге зиян келтірді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсті. Көбінесе қылмысты ашуда көшелерінде орнатылған бейнебақылау камералары және қалалық оперативті қызметкерлердің келісілген іс-әрекеттері арқылы мүмкін болды.

Тергеп-тексеру барысында белгілі болғаны, күдіктілердің бірі фирма жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

27 жасар орынбасар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 36 жасар танысын ұрлық жасауға көндірген. Офиске кіруге мүмкіндік барын пайдаланып, әрі сейфте қомақты қаражаттың бар екендігін біле отырып, қылмыстық әрекетін жүзеге асырған. Қылмысын алдын-ала жоспарлаған олар ұрлаған екі сейфті автокөлікке тиеп, қала сыртына шығарған. Алайда сейфтің ішінде 500 мың теңге болды. Бұдан бір күн бұрын компанияның бас директоры сейфтерден 11 миллион теңге алған болатын. Сондықтан қаскөйлер көп ақшаны қолды қыла алмады.

Қазіргі уақытта қолға түскен екеу Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны