Система Orphus

Нұр-Сұлтан қаласында "Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі" атты ІІІ аймақтық имамдар форумы өтті

12.11.2019, 15:55 15148

Нұр-Сұлтан. 12 қараша. Kazakhstan Today - Жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ Имамдар форумы өткен болатын. Айтулы жиында бірнеше тарихи құжаттар қабылданды. Соның бірі - Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы "Жеті рухани қазық" құжаты.
Аталмыш құжат аясында атқарылар шаралар мен жұмыстардың жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда еліміздің барлық діни қызметкерлері аянбай қызмет жасауда.

Осы орайда, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен "Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі" атты ІІІ аймақтық имамдар форумын өткізу жоспарланып отыр. Форум барысында "Жеті рухани қазық" құжатының мән-маңызы түгелдей тарқатылып, құжатта көрсетілген жеті қасиет жайында сүбелі баяндамалар жасалады.

Форум отырысына Нұр-Сұлтан қаласының діни қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, т.б. танымал тұлғалар шақырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны