Система Orphus

Нұр-Сұлтан қаласында сервистік "ANTIKOR ORTALYGY" ашылды

12.12.2019 41932

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 12 желтоқсаны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің сервистік "ANTIKOR ORTALYGY" және әкімшілік ғимараты ашылады.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті еліміздегі құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып толығымен "Open space" форматына көшкен орган. Ең маңыздысы, департаменттің жеке құрамы (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен жедел-тергеу құрамы) толықтай әйнек кабинеттерге көшкен.

Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов,

Австрия, Ауғанстан, Катар Мемлекетінің, Кореяның, Нидерланды Корольдігінің, Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің Кеңесшісі, Дүниежүзілік Банктың тұрақты өкілі м.а., Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисінің экономика және экология мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі, БҰҰДБ жобалау маманы, Ауғанстан Елшісінің ассистенті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы ақпараттық-лекторлық штабтың өкілдері, аудан әкімдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, "Астана - адалдық алаңы" жобасының менеджерлері және Арнайы мониторинг тобының мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, арнайы консультациялы-кеңес беру бөлмелері, "Астана - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бөлмесі, баспасөз орталығы көрсетілді.

"Астана - адалдық алаңы" жобасының менеджері Исмаилов Шавкат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сервистік орталығында жобаның тікелей эфирінің кабинет-студиясын ашқанын, енді барлық іс-шаралар интернет пайдаланушыларына тез әрі сапалы түрде таратылатынын айтты.

Нұр-Сұлтан қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева атап өткендей, "Open Space" технологиясын қолдану мемлекеттік органдардың азаматтар үшін ашықтығына, жариялылығына және қол жетімділігіне тағы бір қадам болып табылады.

Елордалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Марат Сатарқұлов іс жүзінде "Ашық бюджеттердің интерактивті картасының" артықшылығын және бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау мүмкіндігін көрсетті. Сондай-ақ мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты мысалдар келтірді.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев: "ANTIKOR ORTALYGY" азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталығына айналмақ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 5 сервис орталығы ашылды, олар ашықтық пен сервистің ведомстволық саясатын көрсетеді", - деді.

Жергілікті Антикор қызметінің тағы бір ерекшелігі - жаңаформаттағы жауап алуға арналған бөлме (комната для допросов).

Бөлме алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып жабдықталған (Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының жауап алуға арналған үй-жай үлгісі бойынша).

Жаңа форматтың мақсаты - сыбайласжемқорлық істері бойынша тартылатын адамдардан жауап алуды жүргізу кезінде транспаренттілік пен әділдікті қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлердің парасаттылығын арттыру.

Бөлме ортасында оған күдіктіні, оның заңды өкілін және жауап алынатын офицерді орналастыру үшін үшбұрышты нысанды үстел орнатылған.

Бөлме барлық жауап алу процесі мен оған қатысушылардың іс-әрекетін дыбыстық және бейнежазбаға алатын арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ мұнда күні, уақыты және бөлме температурасы көрсетілген сағаттар, бөлменің барлық бұрышын толық шолуды қамтамасыз ету және көзге ілінбейтін аймақтарды болдырмау үшін арнайы айна орналастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны