18.04.2019, 23:08 15598

Нұр-Сұлтан қаласында түнгі уақытта кәмелетке толмағандар клубтардан табылды

12-13 сәуірде жедел-профилактикалық іс-шара өткізу нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар ойын-сауық мекемелерінде 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемеде болуы, аумақты аббаттандыру ережесін бұзу, сонымен қатар ҚР көші-қон заңнамасын бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар анықталды.

Нұр-Сұлтан. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында көңіл көтеру мекемелеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған іс-шара өткізуде.

Жылдың басынан бастап қала полициясына көңіл көтеру мекемелерінде, бос уақыт өткізу орындарында және оған іргелес жатқан аумақтарда жасалған қылмыстар және қоғамдық тәртіпті бұзушылықтармен байланысты 3600 телефон қоңырауы келіп түскен.

Талдау көрсетіп отырғандай ойын-сауық мекемелерімен байланысты қоңыраулардың басым бөлігі демалыс және мереке күндері келіп түседі (орта есеппен алғанда күн сайын 40 хабарлама келіп түседі).

12-13 сәуірде жедел-профилактикалық іс-шара өткізу нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар ойын-сауық мекемелерінде 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемеде болуы, аумақты аббаттандыру ережесін бұзу, сонымен қатар ҚР көші-қон заңнамасын бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар анықталды.

Осылайша, Тұран даңғылы бойында орналасқан түнгі клубтың қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9 әкімшілік хаттама толтырылды, сонымен қатар кәмелетке толмағанның ойын-сауық мекемеде болу фактісі анықталды.

Бейбітшілік көшесі бойындағы караоке-бардың әкімшісіне қатысты кәмелетке толмаған келушілердің кальян тарту фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың мәліметтері әрі қарай тексеру және ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтыру үшін ювеналдық полицияға берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны