12.12.2019, 13:35 154094

Нұр-Сұлтан қаласында "Таланттар шеруі" атты бірінші қалалық аула клубтарының фестивалі өтті

Фестиваль аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылды: "Достық эстафетасы" атты спартакиада (қатысушылар саны - 140 адам), "Бақытты балалалық шақ" сурет көрмесі, "Ақ ладья" шахматтан қалалық турнирі (75 адам) және фестивальдің басты оқиғасы - "Таланттар шеруі" өнер концерті (211 адам).

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 2 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар сарайында "Таланттар шеруі" атты бірінші қалалық аула клубтарының фестивалі өтті. Іс-шара 2019 жылғы елордалық аула клубтары атқарған жұмысын қорытындылаған болатын.

Атап айтсақ, бүгінгі таңда "Астана Жастары" КММ жанында 21 аула клубы қызмет атқарады. 7 мен 16 жас аралығындағы2500-ден астам жасөспірімдер мен балалар алуан спорт түрлері, вокал, хореография, бейнелеу өнері, театр шеберлігі секцияларына қатысып, шахмат ойнауды, ағылшын және қазақ тілдерін, авиамоделдеуді және т.б. үйренуде. Сонымен қатар балалар арт-терипиямен қолданбалы өнермен де айналысады - осының барлығы тегін.

Фестиваль аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылды: "Достық эстафетасы" атты спартакиада (қатысушылар саны - 140 адам), "Бақытты балалалық шақ" сурет көрмесі, "Ақ ладья" шахматтан қалалық турнирі (75 адам) және фестивальдің басты оқиғасы - "Таланттар шеруі" өнер концерті (211 адам). Жалпы аталмыш шараға елордалық аула клубтарының 400-ден астам тәрбиеленушісі қатысқан болатын.

Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген қала әкімдігінің Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков фестивальдің барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап: "Сондай-ақ елорданың аула клубтары өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, қалыптастыруда және жан-жақты дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал аула клубтары - бұл біздің ұлттың негізгі қозғаушы күші" - деп атап өтті.

Түске дейін Жастар сарайында нағыз ойын-сауық алаңы ұйымдастырылды: аула клубтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткен спорттық эстафеталар мен түрлі байқаулар. Түсте қызықты мәдени-ойын-сауық бағдарламасы басталды, ал фойеде болса, жас суретшілердің үздік жұмыстары қойылды.

Спартакиада қорытындысы бойынша бас жүлдені "Армандастар" АК, бірінші орынды "Мирас" АК, екінші орынды "Алан" АК және үшінші орынды "Орда" АК иеленді.

- Бүгін біздің "Армандастар" аула клубы фестивальге қатысуда. Біз спартакиадада гран-при иегері болдық. Ұйымдастырушыларға - "Астана Жастары" мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тамаша іс-шара өткізгені және біздің балаларымыздың спортта, шығармашылықта және өнерде өздерін көрсетуге және жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. - деді "Армандастар" АК басшысы Азамат Кәрімов.

Фестивальдің әрбір қатысушысына арнайы сыйлықтар ұсынылды: фирмалық пакет, блокнот, фирмалық символикасы бар қалам және "Холодное сердце 2" мен "Аэронавты"фильмдерінің тұсаукесеріне 2 билет тарту етілді. Ал фестивальға қатыса алмаған балалар 21 желтоқсанда Оқушылар сарайында өтетін "Снежная королева" атты жаңа жылдық ертеңгілікке шақыру билеттерін алады.

Айта кету керек, жыл бойы аула клубтарының тәрбиеленушілері мен олардың жаттықтырушылары республикалық және халықаралық конкурстардың, ұлттық және қалалық спорттық жарыстардың жүлдегерлері атанған еді. Осылайша, фестиваль аясында 2019 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті: 295 тәрбиеленуші "Меломан" сауда желісіне 5 000 теңге номиналымен сертификатқа ие болды, ал олардың 24 жаттықтырушыларына "Мечта"сауда үйіне сертификат табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны