10.05.2019, 09:45 7824

Нұр-Сұлтан қаласында "Жаужүрек полк" шеруіне 25 мыңға жуық адам қатысты

Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отан қорғаушылар" алаңына дейін жалғасты.

Нұр-Сұлтан. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Биыл шеруге 25 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұрыс даласында қаза тапқан және Отанына аман-есен оралған жауынгерлердің ұрпақтары туған-туысқандарының портреттерімен "Қазақ елі" монументі алаңына жиналды.

Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отан қорғаушылар" алаңына дейін жалғасты.

Іс-шараға тек қала тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көршілес өңірлердің тұрғындары да қатысты, соның ішінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Степногорск, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарымен қатар, шет мемлекеттен келгендер де болды.

Шеруге қатысушылар "Отан қорғаушылар" монументіне еш кедергісіз гүл шоқтарын қоюы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 15 топ құрылды.

ҰОС жылдары ерлік көрсеткен атасын еске алу үшін Дана Зейнулла отбасымен шеруге қатысты.

"Менің атам Жақсылық Шаханов Фин және Ұлы Отан соғысына қатысты. Тірі оралып, отбасылы болды. Кейін менің анам дүниеге келді. Одан біз тарадық... Атамызға жеңіс сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!", - дейді Д. Зейнулла.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы "Батырларға тағзым" үйлестіру кеңесінің басшысы Аида Баймақова жауынгерлердің ұрпақтарына шеруге қатысқандары үшін алғыс айтты. "Отбасымен, кішкентай балаларымен келген көптеген адамдарды көріп, біздің азаматтарымыздың бірлігі мен ынтымағына кезекті мәрте көзіміз жетті. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтарының атынан қала әкімдігіне шеруді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді", - деді А. Баймақова.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны