15.02.2021, 18:26 8067

Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай миллион теңгеден төлеу ұсынылды

Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін коғамдық талқылауында.
Нұр-Сұлтан. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңгеден төлеу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
 
 "Ашық НҚА" порталында коғамдық талқылау үшін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің жобасы жарияланды.
 
Құжатқа түсіндірме жазбада Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 9 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) мөлшерінде көрсетілетіні атап өтілген.
 

Ағымдағы жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 805 000 (сегіз жүз бес мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Осылайша, 26 адамға 1 000 439 (миллион төрт жүз отыз тоғыз мың) теңге төленеді. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімінің жобасы мақұлданған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 18 194,0 (он сегіз миллион жүз тоқсан төрт мың) теңге бөлу қажет. Аталған жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылған талаптарға жауап береді. Қолдауды сұраймын", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұров қол қойған құжатта.

 
Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін коғамдық талқылауында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны