25.03.2020, 14:27 7251

Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 16 рейсті жұмысқа алды, бұл шамамен 1300 адам

Алынған 1200 нәтиженің ішінен бір жолаушыдан коронавирус анықталды. Дәрігер атап өткендей, әрбір жолаушыны тексеру арқылы қалаға вирустың жаңа легін кіргізіп алмауға және науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызып, барлық қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкін болып отыр.

Алматы. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әрбір жолаушыны тексеруі короновирус індетінің жаңа легін қалаға кіргізіп алмауға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген әуәжолаушылары келісімен стационарға қайта жабдықталған қонақүйлерге жеткізілді. Олар короновирусқа тексерген қала әкімдігіне алғысын білдірді. Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 16 рейсті жұмысқа алды, бұл шамамен 1300 адам. 1200-ге жуық адам сараптама нәтижесін алды. Азаматтар екі апта бойы үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.

"Елордада азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Балаларым мен немерелерімнің бұл індетке шалдыққанын қаламаймын", - деді Сергей Кравченко.

Алынған 1200 нәтиженің ішінен бір жолаушыдан коронавирус анықталды. Дәрігер атап өткендей, әрбір жолаушыны тексеру арқылы қалаға вирустың жаңа легін кіргізіп алмауға және науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызып, барлық қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкін болып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны