07.04.2020, 15:44 4490

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларына 47 мыңнан коронавирусқа экспресс-тесттің жиынтығын табысталды

Капиллярлық қан экспресс-тесттері 15 минуттың ішінде COVID-19 коронавирусқа IgG және IgM антиденелерінің орын алғанын анықтайды.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларына 47 мыңнан коронавирусқа экспресс-тесттің жиынтығын табыстады. Қайырымдылық ұйымы жобаны іске асыруға 200 миллион теңге бөлді.

Капиллярлық қан экспресс-тесттері 15 минуттың ішінде COVID-19 коронавирусқа IgG және IgM антиденелерінің орын алғанын анықтайды. ҚХР өндірілген тесттер Еуропа парламенті мен Еуропа Кеңесінің 98/79/ЕК медициналық диагностика құралдары жөніндегі директивасының қағидаларына сәйкес және Алматыдағы Орталық референс-лабораториясында тексеруден өтті. Ол еуропалық кейбір елдерде халықты тексеру барысында болған сапасыз тесттерді қолдануды болдырмау үшін қажетті шарт.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі бойынша, тегін скринингтік тестілеу тәуекелдік топтарындағы халықтың арасында өткізіледі. Ондайларға медициналық жұмыскерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тұмау симптомдары бар адамдар, созылмалы ауруы бар стационарлардың пациенттері, жұқтырған адаммен контактта болған, не болмаса жұқпа ошағында тұрып жатқан, сондай-ақ автоөту пункттері арқылы шетелден келетін адамдар жатады. Экспресс-тестілеу медициналық жәрдем стансаларында, стационарларда, шекаралық темір жол және автомобиль көлік өткелдер мен блок-бекеттерде, мобилді бекеттерде, жедел жәрдем көлектіренде жасалады. Тегін тестілеуге тіркелу үшін https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтындағы анкета толтыру қажет.

"Ауру жұқтырғандарды олардың денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығы үшін ерте анықтаған аса маңызды шара болып табылады. Мұны эпидемияның шырқау шыңын бастан өткерген елдердің тәжірибесі көрсетеді. Уақытылы қабылданған шаралар инфекцияның таралуын шектеуге, ауруға шалдыққан адамдардың санын төмендетуге және өлімге әкеліп соғатын жағдайлардың санын барынша азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Коронавирусқа тексеру бойынша мемлекеттік бағдарламаға қолдау көрсетуден басқа, Болат Өтемұратов "Верный Капитал" компаниялар тобы арқылы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша коронавирустың таралуына қарсы күресу және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету мақсатымен құрылған "Birgemiz" Қоғамдық қорына қосымша 1 миллион АҚШ долларын бөлген болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны