27.01.2020, 17:00 3660

Нұр-Сұлтанда қалалық қызметтің барлық түрі күшейтілген режимге көшті

Ел астанасында ауа райының өзгеруіне және осыған байланысты қабылданатын шараларға қатысты отырыс өтіп, онда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов барлық қызмет түрі күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлім етті, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда қалалық қызметтің барлық түрі күшейтілген режимге көшті.

Ел астанасында ауа райының өзгеруіне және осыған байланысты қабылданатын шараларға қатысты отырыс өтіп, онда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов барлық қызмет түрі күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлім етті, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

"Біріншіден, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген қызмет түріне көшеді. Тәулік бойы жұмыс істейміз. "101", "102", "103" қызметтері бұрынғы режимде жұмыс істеуі тиіс. Қазір жұртшылық тарапынан iKomek109 бірыңғай байланыс орталығына сұрақтар көптеп түсіп жатыр. Осы қызметтер бойынша бірінші кезекте барлық басқарма басшылары мен аудан әкімдері жұмыс істеуі керек", - деді Алтай Көлгінов.

Қала басшысы жиын барысында аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. "Аудан әкімдері, өздеріңізге тапсырылған аумақты қардан тазарту және шығару бойынша, әсіресе жеке ұйымдармен, заңды тұрғыда іргелес жатқан аумақтарды тазалауға міндетті кәсіпорындармен жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын. Сондай-ақ, аулаларда қиындық тумас үшін ПИК-термен тиісті жұмыс атқарылуы тиіс. Ал біз ең бірінші кезекте магистральді жолдарды, әлеуметтік нысандарды, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарын, әкімшілік ғимараттарды, мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды тазалаймыз, ал аула ішін ретке келтіру - бұл ПИК-тің жұмысы. Мұнда учаскелік полицейлерді де тарту керек", - деп атап өтті Көлгінов. Сонымен қатар, қала басшысы өзінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевке жеке компаниялардың техникасын тарту бойынша жұмыс ұйымдастыруды тапсырды.

"Жеке компаниялар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын, себебі біз олармен бірінші рет кездесіп отырған жоқпыз. Мұндай жағдайда өзара түсіністік пен ұйымшылдық қажет", - деп атап өтті қала басшысы. Сондай-ақ, қала әкімі әлеуметтік желілерде жалған хабарламалардың таралуына байланысты ресми ақпаратты ұстану қажеттігін атап өтті. "Тұрғындардың сабырлылық пен шыдамдылық танытуын сұраймыз. Біз бар күшімізді осы бағытқа жұмылдырып отырмыз. Ауа райына байланысты қажет күш пен техникалар жеткілікті. Біз үшін ең бастысы - қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жолдардың ашылуы. Әлеуметтік желілерде 4 күн жұмыс болмайды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Полиция бұл ақпараттың қайдан таралғанын анықтап, жауапкершілікке тартуы керек. Біз жұрт арасында жалған ақпарат тарауына жол бермейміз", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны