01.04.2020, 14:44 5307

Нұр-Сұлтанда антисептиктер мен маска берілетін орындар белгілі болды

Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған, шұғыл ауруханаға жатызылуы тиіс адамдарды анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today -Нұр-Сұлтанда антисептиктер мен маска берілетін орындар белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Зекен Исаков елордада медициналық маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті қайдан алуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

"Басқарма қаладағы дәріханаларда медициналық маскалар, тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер мен антисептиктердің болуын жіті бақылауда ұстауда. Қадағалау нәтижелері басқарманың Facebook парақшасында үнемі жаңартылып отырады. Қазіргі уақытта вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен маскаларды келесі ұймдардан ала аласыздар.Олар "Іңкәр" ЖШС, "Ақниет" ЖШС, "Науза Адель" ЖШС, "Саламат", "Еурофарма", "Альфамед",- деді З. Исаков.

Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған, шұғыл ауруханаға жатызылуы тиіс адамдарды анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

" Жақын байланыс туралы мәлімет беруден бұлтару бойынша 1 дерек тіркеліп, материал қалалық полиция басқармасына жіберілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды",-деп түйіндеді З. Исаков.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны