15.05.2019, 19:38 7449

Нұр-Сұлтанда "Cyber & Digital Security-2019. Сөзден - іске" атты II Халықаралық конференция өтеді

Конференция Қазақстан және шетелдік 400-ден астам қатысушының басын қосады деп күтілуде.

Нұр-Сұлтан. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Кибер шабуылдардан қалай қорғану керек, мәліметтердің таралып кетуінің қалай алдын алған жөн? Киберқылмыспен күресуде кооперацияның бизнеске тигізер көмегі қандай және мемлекеттік органдардың цифрлық әлсіздігі неде?

Осы мәселелер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін реттеу мен цифрлық технологияларды дамытудағы ұлттық және халықаралық тәсілдер Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған "Cyber & Digital Security-2019. Сөзден - іске" II Халықаралық конференциясында талқыланбақ.

Конференция Қазақстан және шетелдік 400-ден астам қатысушының басын қосады деп күтілуде. Бұл шараға мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, қазақстандық және шетелдік ұлттық реттеушілер, жоғарғы оқу орнының басшылары, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды обьектілерінің қызметкерлері, осы саладағы ірі вендерлер шақырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны