06.07.2020, 22:54 4779

Нұр-Сұлтанда Домбыра күні қарсаңында онлайн концерт өтті

Мереке аясында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досым Мақсұтов концерт берді. Белгілі домбырашы шәкірттерімен бірге танымал шығармаларды орындады.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда Домбыра күні қарсаңында онлайн концерт өтті.

Нұр-Сұлтан қалалық "Рухани Жаңғыру" жобалық кеңсесі әлеуметтік желілердегі парақшаларында Домбыра күніне арналған онлайн-концерт өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мереке аясында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досым Мақсұтов концерт берді. Белгілі домбырашы шәкірттерімен бірге танымал шығармаларды орындады.

Сонымен қатар елордалық домбыра шебері Айбат Кәрібаймен онлайн сұхбат өтті. Ол шеберханасын көрсетіп, домбыра жасаудың ерекшеліктерімен таныстырды. Еске салсақ, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық Домбыра күнін белгілеу туралы жарлығы жарияланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны