19.05.2021, 23:59 12919

Нұр-Сұлтанда екі көше 7 маусымға дейін ішінара жабылады

Арқарлы және Ойыл көшелері жөндеу жұмыстары кезінде ішінара жабылады.
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Арқарлы және Ойыл көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Осы жылдың 19 мамыры мен 7 маусым аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Чехоев көшесінен Көксеңгір көшесіне дейінгі учаскеде Арқарлы көшесі бойынша, сондай-ақ Арқарлы көшесінен қоғамдық көлікке арналған бұрылу алаңына дейінгі учаскеде Ойыл көшесі бойынша автокөлік үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
 

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", — делінген көлік басқармасының хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны