11.02.2020, 23:58 3380

Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада қолданыстағы ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы басталды.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада қолданыстағы ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы басталды. Кешен жабық манежден, мінбе мен жаттығу алаңдарынан тұрады. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылады. Балалармен арнайы оқытылған нұсқаушылар шұғылданады. Сабақ үшін тек жуас аттар алынады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ипподром базасын үш бағыт бойынша дамытатынын атап өтті. Олар иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және оларға дайындау, сондай-ақ туристік бағыт. Елордада ерекше күтімді қажет ететін 5,5 мың бала бар. Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту үшін 2 оңалту орталығы салынады. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, емхана сынды және т. б. әлеуметтік нысандар ашылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны