02.08.2021, 21:24 8618

Нұр-Сұлтанда көшелердің бірінде көлік қозғалысы тоқтатылады

Иманов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды.
НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - Нұр-Сұлтанда қалалық магистральдердің бірінде көлік қозғалысы жартылай жабылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарын бастады.
 

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 2-4 тамыз аралығында Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", - деп хабарлайды қалалық көлік басқармасы.

 

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", — делінген көлік басқармасының хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны