17.12.2021, 15:26 351861

Нұр-Сұлтанда кезекте тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер алды

Жаңа қоныстанушыларға кілттерді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов табыс етті. Үйлер Есіл ауданында орналасқан.
НҰР-СҰЛТАН. 17 ЖЕЛТОҚСАН - Нұр-Сұлтанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні кезекте тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның ішінде "Отбасы банкі" арқылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар бар, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, желтоқсан айында 2 мыңнан астам кезекте тұрған отбасы әлеуметтік пәтерге ие болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
 
Жаңа қоныстанушыларға кілттерді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов табыс етті. Үйлер Есіл ауданында орналасқан (Е34 және Е44 көшелерінде).
 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні қаланың жаңа ауданында жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру мен үшін үлкен құрмет. Бүгін осы үйдің маңында біз ең заманауи жабдықтармен жабдықталған 4 мың оқушыға арналған BINOM мектебін аштық. Әрине, бұл ауданда әлі көп жұмыс бар. Инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, жолдар мен өтпе жолдарды, қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастырамыз. Бірақ, ең алдымен, біз жұрт өмір сүріп, балаларын оқыта алуы үшін тұрғын үй мен мектеп ашамыз. Болашақта бұл аудан елордадағы ең жайлы орындардың біріне айналатынына сенімдімін. Баршаңызға амандық, денсаулық, бақыт, табыс тілеймін! Қоныс тойы құтты болсын!", – деді Нұрлан Нұркенов кілттерді тапсыру кезінде.

 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынды. Тек соңғы үш жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 есеге артты.
 
Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер берілген болса, 2019 жылы – 2 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы – 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биылғы меже – 10 000 әлеуметтік пәтер.
 
Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы биыл да жалғасын табады; сол сияқты жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны