06.07.2020, 23:10 6632

Нұр-Сұлтанда үш ірі нөсер жаңбыр кәрізі салынуда

Нұр-Сұлтанда үш ірі нөсер жаңбыр кәрізі салынуда

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда үш ірі нөсер кәріздері мен тазарту құрылғысы салынуда. Ірі жобалардың бірі - "Молодежный" шағын ауданында (Ташенов көшесі мен Амман көшесінің қиылысы) тазарту құрылғысының құрылысы. Нысандардың өткізу қабілеті тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су тасқынынан қорғайды. "Нөсер кәріздері мен тазарту құрылғыларын салу - біз айналысатын жүйелі мәселе. Осы жылы біз "Молодежный" шағын ауданында жеткізу коллекторының құрылысын аяқтаймыз, бұл осы көшелерді су басу қаупін айтарлықтай азайтады. Барлық жоба 2021 жылы аяқталады. Бұл бірден екі міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді: су тасқынының алдын алып, тұрғындар үшін қоғамдық кеңістік құру. Құрылыс жер асты нұсқасында қарастырылғандықтан, құрылыс алаңында қоғамдық саябақ абаттандырылып, көгалдандырылады. Тағы бір ірі жоба - Б.Момышұлы учаскесінің проблемалық аймағында нөсер кәріздерінің негізгі коллекторын салу (Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін). Мәселе күзде шешіледі", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. 2020 жылдың соңына дейін Тельман тұрғын алабындағы тазарту қондырғылары мен негізгі коллектордың құрылысы аяқталады. Сыйымдылығы тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Бұл "Тельман" тұрғын үй кешенін, № 27 және т.б. көшелердің бойындағы перспективалық даму аймағын су тасқынынан қорғайды. Сондай-ақ Тұран даңғылы мен Ұлы Дала даңғылы бойындағы нөсер кәріздерінің диаметрін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қолданыстағы коллекторларды тазарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 354 шақырымның 134 шақырымын тазарту қажет. Мәселен, коллектордан 34 тоннадан астам қоқыс шығарылды (Ташенов көшесі). Бараев көшесіндегі коллектор 60% бітелген - тазалау кезінде белгісіз біреулер бетон құйып тастағаны белгілі болды. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы ауданындағы екі учаскеде нөсер кәрізі мәселесі шешілді. Елорда әкімдігі көшелерді су басудың алдын алу үшін нөсер кәріздері мен ағынды суларды тазарту қондырғыларын салу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны