09.05.2022, 15:21 12011

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
Сурет: pexels
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАМЫР - Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елорда әкімдігінің ақпараты бойынша, отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.
 
Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың. 
 
Ведомствода атап өткендей, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған.
 
Сонымен қатар, 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концертте сүйікті әндерді тыңдауға болады, ол сағат 14:00-ге дейін болады.
 
Сондай-ақ бүгін Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" онлайн-акция өтеді. Акция Tengrinews.kz жаңалықтар порталында өтеді.
 

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне "Отан ана" монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, "Даңқ" гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде өтеді", - делінген ведомство хабарламасында.

 
9 мамырда "Солдатский котелок" ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған "Біз Жеңістің ұрпағымыз!" атты лекцияға қосылуға шақырады.
 
Астаналық цирк мереке құрметіне көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны