03.06.2021, 18:54 14116

Нұр-Сұлтанда жексенбі күні қоғамдық көлік жұмыс істемейді

Жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - 6 маусымда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 

Жексенбі күні, яғни 6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 
Жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
 
Айта кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көлік картасының көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны