28.02.2019, 11:28 15628

"Нұр Отан" партиясының съезіндегі Елбасының қойған мақсаттарына қатысты елдің көп балалы аналары пікір білдіруде

Ауыл-аймақ боп, қуанып жатырмыз. Атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылар үшін әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін арттырады деген жаңалық біздің төбемізді көкке жеткізді. Әрине, бәрі балаларымыздың несібесі

Қызылорда. 28 ақпан. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясының съезіндегі Елбасының қойған мақсаттарына қатысты елдің көп балалы аналары пікір білдіруде. Қызылордалық көп балалы ана Асылзат Әбілова былай дейді:

"Мен "Күміс алқа" иегерімін. Көп балалы болуды бала кезден армандайтынмын. Біреу үшін емес, өзім үшін, ұрпағымды жалғастыру үшін 6 баламды дүниеге әкелдім. Ауылда тұрсақ та, балаларымызды несібесі арқасында мал асырап, жан бағып, тірлік етіп келеміз. Атаулы көмекті алып келеміз. Енді міне, бүгінгі жиында Елбасымыз жағымды жаңалық айтыпты. Ауыл-аймақ боп, қуанып жатырмыз. Атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылар үшін әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін арттырады деген жаңалық біздің төбемізді көкке жеткізді. Әрине, бәрі балаларымыздың несібесі. Ертеңгі күні осы ұрпақ осындай жақсылық жасаған елі үшін адал қызмет атқаратынына сенімдіміз. Елдің үмітін ақтар ұрпағымыз аман болсын. Алла Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа күш-қуат берсін".

Ал медицина саласының қызметкері Малика Оспанованың пікірі мынадай: "Бүгінгі күн еліміз үшін елеулі жаңалықтарға толы болды. "Нұр Отан" партиясының 18 сьезінде көптеген жағымды жаңалықтар елді қуантуда. Телеарнадан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілетіндігін естіп қуанып қалдық. Әрине үкімет ел үшін түрлі бағдарламаларды қолға алуда. Жыл сайын зейнетақы мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатып отыр. Мен медицина қызметкерлерінің атынан осы жаңалыққа қуанышым шексіз. Бұл біздің жасап жатқан жұмысымызға деген жауапкершілікті одан сайын арттыра түседі деген сенімдемін. Халықтың әл ауқатының артқаны елдің дамуына негізгі фактор болмақ".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны