10.06.2019, 20:00 8953

Нұрлан Нығматулин Өзбекстанға ресми сапар барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Палата Спикері Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ізгі сәлемін жеткізе отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының өзбек халқына және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға деген ерекше ықыласын атап өтті.

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстанға ресми сапар барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Палата Спикері Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ізгі сәлемін жеткізе отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының өзбек халқына және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға деген ерекше ықыласын атап өтті.

Кездесу барысында қос мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар Мәжіліс ТөрағасыҚазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары арасындағы барлық стратегиялық келісімдерге заңнамалық қолдау көрсетуге дайын екендігіне тоқталды.

-Осы бауырлас елде өткен барлық кездесулер Өзбекстан халқының Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ерекше ниетін, ерекше құрметін көрсетті. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлының және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің салиқалы саясатының арқасында біздің елдеріміз қай салада болса да - экономика болсын, мәдени болсын, барлық жағынан жоғары дәрежеге жетті. Парламенттік байланыс та соның нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілді. Осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында біз өзбекстандық әріптестермен нақты келісімдер жасадық. Енді алдағы уақытта бірқатар бірлескен шараларды қолға алатын боламыз, - деді Өзбекстандағы ресми сапарын қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны