11.01.2020, 16:50 5052

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында жалған визамен келген нигериялықтар ұсталды

Санаулы минуттардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің халықаралық әуежайдағы ресми өкіліне тиісті сауал жолданып, аталған Нигерия азаматтарына электронды визаның берілмегендігі, ұсынылған құжаттардың қолдан жасалғандығы туралы жауап алынды.

Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today -2019 жылғы 31 желтоқсанда Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында шекарашылар жасағы "Стамбул - Нұр-Сұлтан" бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 29 және 49 жастардағы Нигериялық екі азаматты ұстады. Елімізге келген шетелдік жолаушылардың Мемлекеттік шекарадан өтулеріне құқық беретін құжаттарын тексеру кезінде бұл азаматтар шекарашыларға Қазақстан Республикасының электрондық визасының көшірмелерін ұсынған. Алайда, электронды виза беру туралы мәліметтер базасынан бұл азаматтарға Қазақстандық виза берілгендігі туралы мәлімет расталмады.

Санаулы минуттардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің халықаралық әуежайдағы ресми өкіліне тиісті сауал жолданып, аталған Нигерия азаматтарына электронды визаның берілмегендігі, ұсынылған құжаттардың қолдан жасалғандығы туралы жауап алынды.

Ұсталған нигериялықтардың жолы болмады. Келесі әуе рейсімен өз елдеріне депортацияланатын болады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны