26.01.2015, 16:16 4387

Н.Жоламанов 252 млн теӊгеден астам пара алды деп айыпталып отыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов жетекшілік еткен ұйымдасқан топқа 252 млн теӊгеден астам пара алды деген айып тағылып отыр

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов жетекшілік еткен ұйымдасқан топқа 252 млн теӊгеден астам пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2013 жылдыӊ жазынан 2014 жылдыӊ 27 қазан айына дейін Жоламанов құрып, жетекшілік еткен ұйымдасқан топ қызметтік өкілеттігін пайдаланып, тергеу анықтаған жағдайда пара ретінде 173 млн 181 мыӊ 750 теӊге және 436 мыӊ АҚШ долларын (Ұлттық банк бағамы бойынша 79 млн 850 мыӊ 280 теӊге) алған. Бұл соманыӊ 59 млн 700 мыӊ теӊгесі және 371 мыӊ 300 доллары Жоламановқа берілген", - деді прокурор Кемел Шаяхмет, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Жоламанов өз қызметтік өкілеттігін пайдаланып, бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құрды, оған жетекшілік етті деп айыпталады. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды иелене отырып, аса ірі көлемде пара алды", - деп қосты прокурор.

Айта кетейік, бүгін Астанада қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановісіне қатысты сот басталды. Сот отырысы ашық режимде өтіп жатыр. Тек қорғаушы тараптыӊ сұрауымен бейнежазба жасауға шектеу қойылды. Сот отырысына судья Ербол Ахметжанов төрағалық етуде.

Сот отырысы барысында екінші айыпталушы №2458 әскери бөлімініӊ командирі Қайрат Балмағамбетов өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Естеріӊізге сала кетейік, Нұрлан Жоламанов өткен жылы қазан айында ұсталды. Оған ҚР ҚК 311-бабы (Аса ірі көлемде пара алу) және 235-бабы (Ұйымдасқан топ құру және жетекшілік ету) бойынша айып тағылып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны