08.09.2009, 12:23 1550

Нақтыланған мәліметке сәйкес, Грузияда жер сілкінісінің салдарынан бірнеше үй қирады

Нақтыланған мәліметке сәйкес, Грузияда жер сілкінісінің салдарынан бірнеше үй қирады

Тбилиси. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нақтыланған мәліметке сәйкес, Грузияда жер сілкінісінің салдарынан бірнеше үй қирады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Рача-Лечхуми ауданында бірнеше үй қирады. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Кутаисиде де қуатты жер сілкінісі сезілді, көп қабатты үйлердің тұрғындары түні бойы далада жүрді.

Сондай-ақ, нақтыланған мәліметке сәйкес, жер асты дүмпулерінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 емес, 6,2 балл болған.

Еске сала кетейік, жер сілкінісі Тбилиси уақытымен сағат 02.41-де Кутаисиден солтүстік-шығысқа қарай 58 шақырымда Грузияның Рача-Лечхуми ауданында болған. Оңтүстік және Солтүстік Осетияда да қуатты жер сілкінісі сезілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны