03.10.2007, 16:27 3168

Нан халыққа арзан бағамен сатылуға тиіс - Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Нан халыққа арзан бағамен сатылуға тиіс - Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Семей. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов, нанның халыққа арзан бағамен сатылуын талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Жәнібек Кәрібжанов ірі диірмендер мен нан пісіруші кәсіпорындардың басшыларымен нан бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша жиналыс өткізді. "Нан халыққа арзан бағамен сатылуға тиіс",- деп мәлім етті облыс әкімі.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қыркүйек айында Өскемен мен Семейде бірінші сұрыпты нан бағасы 40 теңге деңгейінде сақталған. "Бірақ қыркүйектің соңында және қазанның басында нан бағасы 50 - 55 теңгеге дейін жеткен, тіптен кейбір дүкендерде 60 теңгемен сатылған",- деп түсіндірді облыс әкімшілігіндегілер.

Осыған байланысты, облыс әкімінің тапсырмасымен басты мақсаты нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етумен қорытындыланатын концепция әзірленген. "Облыс әкімі әзірленген концепцияның негізгі қағидаларын, атап айтқанда, астық өндірушілердің, оны өңдеушілердің, нан пісірушілер мен тұтынушылардың мүдделерінің үйлесуін, сонымен қатар, қажетті және өндірілетін нан көлемін міндетті түрде есепке алынуын атап көрсетті",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қабылданған концепцияны жүзеге асыру механизмі, тұрақтандыру қорынан белгіленген бағамен (бір тоннасын 23 756,36 теңгемен) алынған астықтан әзірленген бірінші сұрыптың стандартты наны тұтынушыларға 40 теңгемен жетеді. "Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорына 25,5 мың тонна бидайдың жартысына жуығы алынып қойған",- деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Ж. Кәрібжанов Өскемен мен Семейдің әкімдеріне нан сататын қосымша сауда орындары орналасатын орды анықтауды тапсырды. "Аталмыш шараның тиімділігін бақылауды тұрақты мониторинг арқылы жүзеге асырамыз",- деп қосты әкімшіліктен.

Кездесу аяқталғаннан кейін әкім, Өскемен мен Семейдің нарығына облыстың тұрақтандыру қорынан әзірленген нан тасымалдау есебінен осы қалалардағы нан бағасын тұрақтандыру туралы арнайы өкімге қол қоятындығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны