20.01.2011, 15:59 3698

Нан өнімдері бағасының тұрақты болуына бағытталған жұмыстар 2011 жылы да өз жалғасын табады

Нан өнімдері бағасының тұрақты болуына бағытталған жұмыстар 2011 жылы да өз жалғасын табады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Нан өнімдері бағасының тұрақты болуына бағытталған жұмыстар 2011 жылы да өз жалғасын табады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, А. Мамытбеков қазір "ҚазАгро" холдингі нан бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдар, Ауыл шаруашылығы министрлігі және "ҚазАгро" холдингі арасында жасалған меморандумдарға сәйкес наубайханаларға ұнды тұрақталған бағамен жеткізіп отырғандығын айтып өткен.

"Нарықтық бағаның өскеніне және бұл үдеріс одан әрі жалғаса беретініне қарамастан, қазір үшінші сұрыптағы бидайды 1 тоннасын 26500 теңгеден жеткізіп отырмыз",-деді ол.

А. Мамытбеков атап көрсеткендей, меморандумда көрсетілген ұн көлемі қазір қорда жеткілікті және нан және тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру бағытындағы жұмыстар бұдан әрі де жалғастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны