07.04.2015, 17:32 4512

Нанкинніӊ бұрынғы мэрі 15 жылға сотталды

Бүгін Қытайдыӊ Шаньдун провинциясындағы Яньтай қаласыныӊ соты Цзянсу провинциясындағы Нанкин қаласыныӊ бұрынғы басшысын 15 жылға бостандығынан айырды, деп хабарлады China Daily

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қытайдыӊ Шаньдун провинциясындағы Яньтай қаласыныӊ соты Цзянсу провинциясындағы Нанкин қаласыныӊ бұрынғы басшысын 15 жылға бостандығынан айырды, деп хабарлады China Daily, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

1999-2012 жж. Цзи Цзянье жеті адам мен ұйымнан тендердегі ұтыс пен жұмысқа орналастыру үшін 11,32 млн. юань (1,8 млн. доллар) көлемінде пара алған.

2013 жылдыӊ қазан айында ол жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен орнынан босатылған Цзянсу провинциясыныӊ алғашқы жоғары лауазымды шенеунігі болды.

Сот үкімімен айыпталушыныӊ 2 млн. юані тәркіленді.

Қазіргі уақытта оныӊ әйелі, жүргізушісі, риэлторлар мен Цзи Цзяньеніӊ өзге де заӊ бұзушылық әрекеттеріне қатысты адамдарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны